Fame City

Fame city – ертегі әлеміндей қалашық. Отбасымен бірге көңіл көтеріп, ең бақытты сәттерді бастан кешуге тамаша мүмкіндік беретін орын. Түрлі эмоцияға бөлейтін бұл жер – замануи технологиялар мен үздік ойын автоматтарымен жабдықталған. Ойын-сауық кешені мынадай түрлі атракциондар тізімін ұсынады: Балалар қалашығы, Мұнара, Монорельс, Моушн сфера, 4д кинотеатры, Алтын шахта, Су аттракционы, Динозаврлар саябағы, Қорқыныш бөлмесі, Шабандоздық симулятор, Мини райдер, Гиро циклі, Жұмсақ алаң, Балалар белмесі, Play station ойындары, Бампер көліктері, Конвой паровозы, Ұшатын автобус, Электронды көліктер, Поп ап, Әткеншек, Видео ойындар, Жүлделі аппараттар.

Одан әрі Юра дәуіріндегі «Динопарк» саябағы туралы мақтанышпен әңгімелейміз. Мұнда жер шарының түкпір-түкпірінде біздің заманымызға дейін тіршілік еткен динозаврдың 9 түрі бар. Шөпқоректі жыртқыштардың көлемі – түпнұсқаларға сәйкес келеді. Экскурсовод әрбір динозавр туралы егжей-тегжейлі айтып береді. Бұл барша Азиядағы жалғыз "Динопарк". Осындай парктер Қытайда және Еуропада бар.

«Хан Шатыр» СОО аттракциондарының ішінен “Монорельсті ” ерекше атап өту керек – шағын вагондар жүретін ұзындығы 500 м бір рельсті темір жол. Ол жоғары қабат деңгейінде орналасқан және 2 шеңберді құрайды. Аттракционның бұл түрі барлығына бірдей жарайды. Тек жайғасып, «Хан-Шатырды» түгелдей қарап шығыңыз. Саяхат барысында көз алдыңыздан бірнеше инсталляция өтеді – қызықты ғарыш мекендеушілері, тарихқа дейінгі әлем, қазыналар аралында теңіз қарақшыларының қазынасын іздеу. Сонымен қатар… Аздап жұмбақ жасырайық, осында келіп, өз көзіңізбен көріңіз! Бұл Нұр-Сұлтан қаласындағы бірегей аттракцион екенін айта кеткеніміз жөн.

Жоғары жылдамдықпен жоғарыдан құлап көрдіңіз бе? Жоқ па? Олай болса, біз Сіздерге осындай мүмкіндікті ұсынамыз, адреналин сезініп көріңіз. Көпшілік күмбезді тамашалаған уақытта күтпеген жерден жоғарыдан креслолар жылдамдықпен төмен қарай түседі. «Құлайтын мұнара» аттракционы келушілер үшін күн сайын қызмет етеді. Орындар саны - 12, мұнараның биіктігі - 38 метр.

Назарларыңызға қызықты да тартымды жаңа "Алтын шахта" аттракционын ұсынамыз! Америкалық асулар мен қазына іздеу сіздің саяхатыңызды ұмытылмастай етеді. Батыл да ержүрек алтын іздеушілерімізді "Хан шатыр" СОО 4-қабатында асыға күтеміз.

Ең қорқынышты жан түршігерлік көрініс көргіңіз келе ме? Өзіңді қорқынышты фильмнің кейіпкері болып сезінгің келе ме? Өзіңмен бірге қайсар достарыңды алып, басқа әлемнің бүкіл қорқынышын сезіну үшін, біздің қорқыныш бөлмесіне келіңіз. Сізді жан түршігерлік көрініс пен қорқыныш, алуан түрлі эмоциялармен сезімдер күтеді. Жүйкеңіз бен шыдамдылығыңызды тексеру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Әлі бізге келуге батылдығы жетпегендерді күтеміз. "Елестерді аулау" қорқыныш бөлмесі өзінің батыл келушілерін "Fame city" ойын орталығында күтеді.

Fame City
Динопарк
Монорельс
Құлайтын мұнара
Алтын шахта
Құбыжықтарды аулау
Жұмсақ аймақ
Су аттракционы
4