Компания жайлы
Хан Шатыр - Қазақстандағы сауда орталықтарының ең үлкені, әрі бірегей сырт пішінімен ерекшеленетін әлемдегі орасан зор құрылыс.. Хан Шатыр СОСО – бір шатырдың астында әлем деңгейіндегі ойын-сауық және сауда-саттықты біріктірген, алғашқы лайфстайл-орталық болып саналады. Норман Фостердің қиялынан шыққан сәулет ғажайыбы – “Хан Шатыр” сауда және ойын-сауық орталығының ғимараты Орталық Азиядағы баламасыз әрі ең ірі архитектуралық жоба болып табылады.

"Хан Шатыр" сауда-ойын-сауық орталығының негізгі тұжырымдамасы-әлемдік деңгейдегі шопинг пен түрлі ойын-сауық іс-шараларының органикалық үйлесімі. Sky Beach Club астанадағы алғашқы және жалғыз жағажай клубы, сонымен қатар Fame City-дің ең үлкен отбасылық ойын орталықтарының бірі, сүйікті Chaplin кинотеатры, сұлулық салондары, кафелер мен мейрамханалар, супермаркет, компаниялар мен банк кеңселері, қызмет көрсету орталықтары.