«Juldeli Shopping» Акциясы
2026-02-08

«Juldeli Shopping» Акциясының ережелері

1. Акцияның өткізілу орны – ТРЦ «Хан Шатыр» Атриумы, мекенжайы: Z05G9F6, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, «Нұра» ауданы, Тұран даңғылы, 37.

2. Акцияның жүлде қоры келесі жүлделерден тұрады:

- Apple iPhone 17 смартфоны, жад көлемі 256 GB, физикалық SIM-карта қолдауымен — 9 (тоғыз) дана.

- Li L7 автокөлігі — 1 (бір) дана.

- Астана қаласында орналасқан «ARNA.URPAQ A» көппәтерлі тұрғын үй кешеніндегі бір бөлмелі пәтер — 2 (екі) дана.

 

3. Акцияның жалпы өткізілу мерзімі – 2026 жылғы «08» ақпаннан 10 сағат 00 минуттан бастап 2027 жылғы «21» ақпанға 17 сағат 00 минутқа дейін.

4. Жүлде қоры бірнеше кезеңде ойнатылады:

- 1-кезең – 2026 жылғы «15» наурызда 17 сағат 00 минут;

- 2-кезең – 2026 жылғы «19» сәуірде 17 сағат 00 минут;

- 3-кезең – 2026 жылғы «17» мамырда 17 сағат 00 минут;

- 4-кезең – 2026 жылғы «21» маусымда 17 сағат 00 минут;

- 5-кезең – 2026 жылғы «19» шілдеде 17 сағат 00 минут;

- 6-кезең – 2026 жылғы «23» тамызда 17 сағат 00 минут;

- 7-кезең – 2026 жылғы «20» қыркүйекте 17 сағат 00 минут;

- 8-кезең – 2026 жылғы «18» қазанда 17 сағат 00 минут;

- 9-кезең – 2026 жылғы «22» қарашада 17 сағат 00 минут;

- 10-кезең – 2026 жылғы «20» желтоқсанда 17 сағат 00 минут;

- 11-кезең – 2027 жылғы «17» қаңтарда 17 сағат 00 минут;

- 12-кезең – 2027 жылғы «21» ақпанда 17 сағат 00 минут.

5. Жүлде қорының бөлінуі:

1–9-кезеңдерде – әр кезеңде 1 (бір) Apple iPhone 17 смартфоны ойнатылады. 10-кезеңде – 1 (бір) Li L7 автокөлігі ойнатылады. 11 және 12-кезеңде – «ARNA.URPAQ A» көппәтерлі тұрғын үй кешеніндегі 2 (екі) бір бөлмелі пәтер ойнатылады.

Жүлделер ақшалай баламаға айырбасталмайды. Қатысушы жүлдеден бас тартқан жағдайда, ешқандай ақшалай өтемақы төленбейді.

6. Акцияға қатысуға кімдер құқылы: 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары немесе Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтары. Қатысу шектеулері: Ұйымдастырушы мен демеуші компаниялардың қызметкерлері, олардың жақын туыстары, ТРЦ қызметкерлері, жалға алушылар және акцияны ұйымдастыруға қатысы бар басқа тұлғалар.

7. Акцияға қатысқысы келетін тұлға осы Ережелердің 6-тармағында көрсетілген Акцияны өткізу кезеңінде «Хан Шатыр» СОО жалға алушыларының кез келгенінен бір күн ішінде жалпы сомасы 30 000 (отыз мың) теңгеге тауар сатып алуы немесе кез келген қызметті пайдалануы, берілген чек(тер)ді «Хан Шатыр» СОО атриумында орналасқан промо-үстелшеде Акция купонына (купондарға) айырбастауы тиіс (чектерді купондарға айырбастау күн сайын 10:00-ден 21:50-ге дейін, егер «Хан Шатыр» СОО жұмыс режимі 10:00-ден 22:00-ге дейін болса; 10:00-ден 22:50-ге дейін, егер «Хан Шатыр» СОО жұмыс режимі 10:00-ден 23:00-ге дейін болса; 10:00-ден 23:50-ге дейін, егер «Хан Шатыр» СОО жұмыс режимі 10:00-ден 24:00-ге дейін болса). Акция ұтыс ойыны өткізілетін күні чектерді айырбастау 16 сағат 40 минутқа дейін жүзеге асырылады. Сондай-ақ Қатысушы Instagram әлеуметтік желісіндегі өзінің жеке аккаунты арқылы Ұйымдастырушы мен Акция демеушілерінің @khanshatyr, @bi.group және @liautokazakhstan ресми парақшаларына (аккаунттарына) жазылуға және Акция аяқталғанға дейін аталған парақшаларға (аккаунттарға) жазылушы болып қалуға міндетті.

8. Жеңімпаздар лототроннан кездейсоқ купон таңдау арқылы, Instagram-дағы @khanshatyr ресми парақшасында тікелей эфирде анықталады.

9. Жүлдені алу тәртібі: Жеңімпаз жүлде ұтысы аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде ТРЦ әкімшілігіне жүгінуі қажет. Жеңімпаз қажетті құжаттарды ұсынуы және Instagram-дағы жазылымын растауы керек.

10. Ұйымдастырушы Акция шарттарын өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Барлық өзгертулер ТРЦ-ның @khanshatyr ресми парақшасында жарияланады.

11. Акцияға қатысу арқылы қатысушылар келесіге келіседі: Жеке деректерін жарнамалық мақсатта ақысыз пайдалануға. Жеңімпаздар сұхбат беруге және жарнамалық материалдарға қатысуға міндетті (қосымша төлемсіз).

12. Салықтар және бюджетке төлемдер: Жеңімпаздар Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес барлық салықтар мен міндетті төлемдерді өз бетінше төлейді.