«Júldelі shoppıng» супер акциясы
2024-03-21

ЕРЕЖЕЛЕРДЕН ҮЗІНДІЛЕР

1. Акцияның өтетін орны- Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, «Нұра» ауданы, Тұран даңғылы, 37 мекенжайында орналасқан «Хан Шатыр»  СОО атриумы.

2. Акцияның жүлде қоры келесі жүлдеден тұрады:

- «EXEED» маркалы Автомобиль, «VX» типі, 2023 жылы шығарылған, саны 1 (бір) бірлік.

3. Акцияны өткізудің жалпы кезеңі-2024 жылғы  «21»  наурыздан бастап 2025 жылғы «12» қаңтарға дейін 10 сағат 00 минуттан бастап 17 сағат 00 минутқа дейін (бұдан әрі – акцияны өткізу кезеңі).

Жүлделер ақшалай қаражатқа айырбастауға жатпайды. Науқанға қатысушы Жүлдені алудан бас тартуға құқылы, бұл ретте қатысушыға қандай да бір ақшалай қаражат/ өтемақы төлеу жүзеге асырылмайды.

4. Акцияға қатысу 18 жасқа толған және Қазақстан Республикасының азаматтары немесе Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтары болып табылатын жеке тұлғалар үшін ашық. Шектеулерге ұйымдастырушы мен демеушілердің қызметкерлері, олардың жақын туыстары, СОО қызметкерлері мен СОО үй-жайларын жалға алушылар, сондай-ақ акцияны ұйымдастыруға байланысты басқа да адамдар кіреді.

5. Жүлделер ұтыс ойыны @khanshatyr СОО Instagram парақшасында тікелей эфирде лототроннан купонды кездейсоқ таңдау арқылы жүргізіледі.

6. Жүлдені алу үшін жеңімпаз ұтыс ойыны аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде СОО әкімшілігіне жүгініп, қажетті құжаттарды ұсынып, Instagram жазылымын растауы қажет.

7. Ұйымдастырушы Instagram әлеуметтік желісіндегі @khanshatyr СОО ресми парақшасында ақпаратты орналастыру арқылы акцияны өткізу шарттары мен мерзімдерін өзгерту құқығын өзіне қалдырады.

8. Қатысушылар өздерінің деректері мен материалдарын жарнамалық мақсаттар үшін сыйақысыз пайдалануға келіседі. Жеңімпаздар қосымша сыйақысыз жарнама үшін сұхбат пен түсірілімге келіседі.

9. Барлық салықтарды, сондай-ақ бюджетке төленетін кез келген басқа да міндетті төлемдерді науқан жеңімпаздары дербес және Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес салық агенті ретінде ұйымдастырушыға өз есебінен төлейді. Науқанға қатысушы ережелердің толық тізімімен сайтта таныса алады www.khanshatyr.com.